Дала күні, Неміс аграрлық орталығы

Дала күні, Неміс аграрлық орталығы

2015 жылдың 13-ші тамызында Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылының жанындағы тәжірбиелік егістік алқабында Неміс Аграрлық Орталығының(НАО) 5-ші мерекелік Дала Күні аталып өтті. Бұл іс-шараны өткізу дәстүрге айналып барады. Осы шараның басты ұйымдастырушысы әрі демеушісі осы жылы СТ Агро фирмасына жүктелді, әрине CLAAS және НАО тараптарынан қолдау көрсетілді.

Іс-шара үлкен ауқымдылығымен ерекшеленді! Еліміздің түк-түкпірінен (400-ге жуық адам) келген қонақтар әр-түрлі техникаларды, технологияларды және де «Қазақстандағы заманауи ауыл шаруашылық әдістері мен технологияларының тұрақты дамуының Ассоциациясы» (ҚӘжТА) құрамына кіретін еуропалық өндіруші компаниялар, айта кетсек өсімдікті қорғау құралдары мен мал шаруашылығы бағытындағы техникаларын өз көздерімен тамашалап, бағасын берді.

Ұйымдастырылған бағдарламалардың арасында HORSCH және CLAAS компаниялары бірігіп жасаған көрсетілім көпшіліктің назарын аудартпай қоймады. Егіс алқабында өздігінен жүргізу мүмкіншіліктеріне ие болған қонақтар, неміс техникаларының мықтылығын еріксіз мойындады.

Бірінші болып CLAAS фирмасы өзінің мал азығын дайындайтын техникаларын көрсетті. Бұл техникалардың басты ерекшелігі – мал азығын таза, жылдам әрі сапалы түрде жинайтындығы. Көрсетілген техникалар: рулонды ROLLANT 350RC престегіші, алдыңғы ілмелі DISCO 3100 FRC шөпшапқышы және артқы ілмелі DISCO 8400 RC шөпшапқышынан тұратын комбинация, LINER 1650 TWIN дестелегіші. Келесі кезекте өз қабілетін жақсы көрсеткен HORSCH техникалары, айта кетсек Tiger 5 MT және 8 LT культиваторлары, JOCKER 8RT дискілі тырмалары. Бұл жер өңдеу техникалары өзінің «қарапайым, сенімді, жылдам» деген ұстанымын отанымыздың көптеген өлкелерінде ақтап шықты десекте болады. Іс-шараның басты шоуларының бірін CLAAS SCORPION жүк тиегіші жалғастырды. Тиегіштерді үш түрі көрсетілді: 6030, 7030, 7035. Сонымен қатар тиегіштерге арналған қосалқы құрал-жабдықтар, дәлірек айтсақ классикалық ашалар, ковштар сол сияқты жерді бұрғыллап қазатын жабдықтар көрсетілді. Тағы да басты көзге түскен техникалардың арасында тракторларды айта кетсек болмайды. CLAAS компаниясы бұл жолы өздерінің ARION 540, ARION 630C, AXION 850 және де ең алып әрі 180 градусқа дейін айналатын кабинамен жабдықталған XERION 4500 тракторын егіс алқабында көрсетті.

Қорыта айтқанда, мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған дәлел адамдардың көтеріңкі көңіл күйлері мен табиғаттың да қолдау көрсетіп аспанның ашық болғаны. Алдымызда осындай ауқымды іс-шаралар көбейеді деген сенімдеміз.

Шағалалы ауылында келесі көріскенше күн жақсы болсын деп тілейміз!IMG_2743