«Ұлы Дала 2016» көрме демонстрациясы

2016 жылдың 16-17 маусымында алғашқы рет «Ұлы Дала 2016» халықаралық көрмесі өтті. Іс-шараны ұйымдастыру форматы атына сай Ақмола облысының иен даласында Төңкеріс ауылының маңында өткізілді. Шараға қатысушы фирмалар өздерінің шатырларын ашық аспан астында орналастырды. Аталмыш басқосудың қонақтарын арнайы дайындалған өте қанық бағдарлама күтіп тұрды.

Әрине біздің компанияның ұжымы бұл шараға қатысудан тыс қалмай «Ұлы Дала 2016» көрмесіне белсене араласты. Біздің тарапымыздан CLAAS брендінің азық дайындауға арналған техникасының саптық тізімі келесі құрамда ұсынылды: ROLLANT 340 RF бумалы пресс-жинақтаушысы, QUADRANT 1150 квадрат пресс-жинақтаушысы, «көбелек» комбинациясындағы дискілі шөп шабу машинасы (DISCO 3100 FRC + DISCO 8400 RC), DISCO 2650 артқы тиемелі шөп шабу машинасы. Сондай-ақ аталмыш брендттің тракторлары да ұсынылды: шағын ARION 540 CIS және CLAAS саптық тізімінің ең қуатты тракторларының бірі болып саналатын – AXION 950, сонымен қатар SCORPION 7030 телескоптық тиегіші –  бұл өзінің әмбебаптылығымен, жеңіл қозғалғыштығымен және эксплуатация кезіндегі қарапайымдылығымен арбайтын сенімді машина.

Жұмыс барысында техниканы көрсету үшін HORSCH фирмасының кәсіби, жоғары тиімділікті топырақ өңдейтін Tiger 4 МТ культиваторы таңдалып алынды, біз оны үлкен мақтанышпен таныстырамыз. CLAAS AXION 950 тракторымен бірге бұл машина өзін демонстрациялау алаңында тек жағымды жағынан таныта білді, бір атап өтері ол тікелей тыңайған жерлерді өңдеуге арналған. Демонстрациялаудан кейін біздің мамандар барлық қалаған келушіге аталған машиналардың техникалық сұрақтары, өнімділік деңгейі мен эксплуатациялау барысы бойынша кеңестерін беруге тырысты.

Осы екі күнді өзіміздің қадірменді клиенттеріміз бен серіктестерімізбен бірге өткізгенімізге қуаныштымыз! Осы шараның алда тұрақты дәстүрге айналатынына сенеміз!