Сервис

Біздің фирмамыздың ауыл шаруашылық техникасын сатып ала отырып, сіз біздің тараптан толығымен сервистік қолдауға ие боласыз және Сіздің кез келген қажеттілігіңіз туындағанда, сізді қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін және сервистік қызмет көрсететін сенімді адам әрдайым сізге көмектесуге дайын болады.

claas-partner

Біз өзіміздің сервис орталықтарымыздың желісін дамытуға үлкен көңіл аударамыз. Астық жинау уақытында қосалқы бөлшектерді тез арада жеткізу және жылдам сервистік қызмет көрсету ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Осы мәселені ескере отырып, СТ АГРО компаниясы қиын сәттерде әрдайым өз клиенттерінің жанынан табылуға тырысады.
Қазіргі уақытта біздің компаниямыздың сервис орталықтары Көкшетау, Астана, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қызылорда, Есіл қалаларында орналасқан.

Сервис орталықтары бірнеше маңызды жауапкершіліктерді өз мойындарын алады:
• кепілдік кезеңінде және кепілдіктен кейінгі кезеңде жедел сервистік қызмет көрсету;
• түпнұсқалы қосалқы бөлшектермен қамту;
• клиенттердің жұмыскерлерін оқыту

Орталық аймақтарда орналасқан заманауи кеңселерде отырған біздің қызметкерлер, клиенттерге техника және қаржыландыру мәселелері туралы толық ақпарат береді. Клиенттер жоғары сапалы сервистік ұжымның қызметтерін жыл он екі ай пайдалана алады. Фирманың барлық қызметкерлері шетелдік зауыттарда үнемі оқудан өтетіндіктен, кез-келген ақауды сапалы түрде жөндеуге кепілдік береді.
Жеткізілген техникалардың жұмыс істеу қабілеттілігі өте орасан, бірақ көбінесе, алынған техниканың қабілеттілігін көрсету осы техникалармен жұмыс істейтін адамдардың білімі мен дағдыларына тікелей байланысты болады. Сол себепті, біздің фирмамыз өз клиенттерін оқытуға үлкен көңіл бөледі, ол – техниканың жеткізгенге дейін көп кешікпей басталады, сондай-ақ құрастыру және қолданысқа енгізу кезеңінде тереңдетіліп оқытылады.

Оқу үдерісінің бірнеше деңгейі бар:
• механизаторлар үшін – техниканы оңтайлы түрде пайдалану, күтім көрсету және сапалы қызмет көрсету
• шаруашылықтардың инженерлері үшін – техниканың электроникасы мен гидравликасын терең зерттеу.

Оқыту үдерісі, СТ АГРО фирмасының мамандары арқылы, сондай-ақ дайындаушы зауыттардың мамандарын тарту арқылы жүзеге асады.

Ответим на ваши вопросы и поможем подобрать технику

Оставьте свой номер телефона, мы с Вами свяжемся!

Получить
консультацию


Бұл веб-сайт сіздің қалауыңызды жақсы түсіну, сізге оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну және пайдаланушы өзара әрекеттесу туралы статистиканы қадағалау үшін бірінші және үшінші тарап Сookies файлдарын пайдаланады. «Келісемін» немесе осы веб-сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз Сookies файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Осы Сookies файлдары туралы және оларды осында баптау туралы қосымша ақпарат.
Келісемін Жоқ, рахмет