Компания туралы

 Фирма 2000 жылы Клаус Тишердің бастамасымен құрылды. Қызмет етуіміздің барлық кезеңдерінде компаниямыздың саясаты клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау болып келеді. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда тұрақты түрде ұсынатын техниканың тізімін кеңейтіп келеміз. Бүгінде СТ АГРО компаниясы Германиядағы CLAAS концерні мен HORSCH фирмасының Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. Қазақстандық шаруаларға CLAAS компаниясының келесі өнім түрлері ұсынылады: LEXION, TUCANO астық жинау комбайндары, өз сегментінде әлемдік сатылымның көшбасшысы саналатын JAGUAR азық жинау комбайны, тракторлардың сан алуан түрлері, сондай-ақ шөп шабатын машиналар, десте төсеушілер, телескоптық тиегіштер мен пресс-жинағыштар. HORSCH фирмасының өнімдері Қазақстандық нарықта егін егу мен топырақ өңдеу техникасы сегментінде танымал.  Бұл маркалардан басқа отандық нарықта белсенді түрде бидай өндірісіне арналған әлемдік брендтерді ұсынамыз (топырақты алдын-ала дайындау, егін егу, егістікке күтім жасау, астық ору мен азық дайындау). Бұлар MORRIS тұқым сепкіштері, SUMMERS  бүріккіштері мен тырналары, LEMKEN культиваторлары, MacDon өздігінен жүретін шөп шабатын машиналар мен дестелегіштер, TRIOLIET азық араластырғыш техникасы, AMAZONE бүріккіштері мен тыңайтқыштарды шашатын агрегаттар, Fliegl көп функциялы тиегіштері, MONOSEM тұқымды дәл сепкіштері. Фирмамыздың мақсаты әрқашан клиенттеріміздің жанынан табылу, осы орайда қолайлы жағдай жасау үшін Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында және Есіл аудан орталығында қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Бізді сондай-ақ Ақкөл (Ақмола облысы) қаласынан табасыздар, бұнда ауыл шаруашылық техникасын тиеу, жинау және мамандарды оқыту орталығы орналасқан. Қызмет көрсетуді толықтай қамту мақсатында СТ АГРО жеткізетін ауыл шаруашылық техникасына қондырылған Mercedes Benz өндірісітік қозғалтқыштарын жөндеу мен қызмет көрсетуші, Cummins, Caterpillar қозғалтқыштарын жөндеу мен қызмет көрсетуші MTU компаниясының Қазақстандағы ресми дилері болып табылады. Бұл өз кезегінде клиенттердің қозғалтқыштарды жөндеу жайындағы сұраныстарына жедел жауап беруді қамтамасыз етеді. Тұрақтылықты дамыту үшін СТ АГРО компаниясы 2014 жылдың қаңтарынан бастап Royal Reesink холдингі мүшесіне айналды. 1786 жылдан бастап Reesink Еуропадағы, ең алдымен Бельгия мен Нидерландыдағы ауыл шаруашылық саласындағы берік серіктес. Royal Reesink еншілес кәсіпорны Kampsde Wild арқылы 55 жыл бойы Қазақстандағы СТ АГРО компаниясы секілді Нидерландыдағы CLAAS концерні серіктесі болып келеді.