Morris Maxim II

MorrisMaxim II

Morris компаниясының Maxim II тұқым сепкіші себу дәлдігінің және машина беріктігінің жаңа стандарттарын белгілейді. Раманың патенттелген біріктіру жүйесі озық иілгіштік пен рельефтің дәл көшірмесіне мүмкіндік береді. Қатайтылған катоктардың түтіктері, қанаттарды көтерудің жақсартылған технологиясы мен үлкен машиналарға қосымша қатты тиеу төзімділік пен беріктікке кепілдік береді.

Иілгіш раманың дизайны озық рельеф көшірмесі мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Раманың иілгіштігі

Раманың патенттелген бірігуінде әрбір рама оқтыққа бір әмбебап сфера тәріздес шарнир арқылы біріккен. Артқы стабилизаторлар топырақты әмбебап бойлай және көлденең көшірмелеу кезінде ізбен жүруді қамтамасыз етеді.

Қамту ені
3-рамалы модельдер 8.84 метрден 11.9 метрге дейінгі қамту енімен ұсынылады, 5-рамалы модельдер 14.94 м мен 18.29 м аралығында.

Жол сәулесі мен тереңдікті бақылау
Жақсы жол сәулесі мен сенімді тереңдікті бақылау орылған егістікке себуге мүмкіндік береді.

Егістік алқаптарды өту
4 қатарлы конфигурациялы тұқым сепкіштегі тіреулердің бірегей орналасу тәсілі бұрын егілген алқаптарды оңтайлы өтуге мүмкіндік жасайды. Еdge-on жіңішке тіреулерінің опциясы қалың егістік алқаптарын да топырақ қатпарын минималды ғана зақымдап өтуді қамтамасыз етеді. Қатараралық опция: 19 см, 25.4 см және 30.5 см.

Тереңдікті бақылау
Қарапайым, жеңіл реттелетін стопорлы жағалар тереңдік гидроцилиндрлерінің сырғап кетуін болдырмайды. Тереңдік бір рет орнатылады да машинаның енін бойлай бекітіледі. Төзімді алдыңғы көшірме жасушы дөңгелектер мен домалатқыш артқы дөңгелектер тұқым мен тыңайтқышты себудің тереңдігін бақылайды.

Ең қатаң жағдайлы егістік алқаптарынды жұмыс істеуге арналған.

Жұмыс істеу органының серпінді механизмі
180 кг ауырлығы бар серпінді механизм С-тәрізді және EdgeOn тіреуімен ұсынылады. Серпінді механизм көтеру кезіндегі пайда болатын қысымды кемітіп, тіреуге, жұмыс органы компоненттеріне және рамаға түскен ауырлықты азайтады. Қайта егілген алқаптарды оңтайлы өту үшін дәстүрлі 2.54 см-ден 3.17 см-ге дейінгі С-тәрізді немесе жіңішке келген 2.54 см-лік  EdgeOn тіреуін таңдаған абзал.

Сенімді әрі қауіпсіз
Тасымалдауға арналған дөңгелектер жұмыс барысында раманың үстіңгі жағына бекиді.  Maxim II тұқым сепкішінің жол сәулесі дөңестеу болып келген жолдармен де оңай жүруге мүмкіндік береді. Тасымалдау күйін бақылаудың гидравлика жүйесі мен автоматты бекіткіш құрылғылары тұқым сепкіштің тасымалдау кезінде жеңіл әрі қауіпсіз жиналуын қамтамасыз етеді.

Сошниктер мен домалатқыш дөңгелектер

  • AcraPoint сошнигі
  • 9 см shovel сошнигі
  • GumboBoot сошнигі — екі жолақты (C-тәрізді тіреу)
  • GumboBoot сошнигі — екі жолақты (EdgeOn тіреуі)
  • Бүйірлі пластиналар жиынтығы

Резина мен болат домалатқыш катоктар ені бойынша 8.9 см мен 11.4 см ұсынылады. Сондай-ақ тастарға төтеп бергіш, ластан қорғайтын қырғыштар мен тік тісті екі қатарлы тегістегіш тырналары бар опциялар да бар.

 


Бұл веб-сайт сіздің қалауыңызды жақсы түсіну, сізге оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну және пайдаланушы өзара әрекеттесу туралы статистиканы қадағалау үшін бірінші және үшінші тарап Сookies файлдарын пайдаланады. «Келісемін» немесе осы веб-сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз Сookies файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Осы Сookies файлдары туралы және оларды осында баптау туралы қосымша ақпарат.
Келісемін Жоқ, рахмет