«Шуақты шаңырақ астында!» Дала күні

2016 жылдың 30 маусымында СТ АГРО фирмасы өзінің жыл сайынғы аймақтық Дала күнін атап өтті!

Қонақтарымызды еліміздің ең бір көрікті аймағы күн шуақты өлке Шығыс Қазақстанда қарсы алуға сәті түсті. Бұл кездесуіміз Шемонаиха ауданына қарасты Камышенка ауылындағы «Камышенское» алдыңғы қатарлы шаруа қожалығы аясында орын алды. Біздің осы іс-шарамызға құрметтеп Павлодар мен Шығыс Қазақстанның 100-ге тарта ауыл шаруашылығы өндірісінің өкілдері ат салысты!

Келген қонақтарымыздың назарына жұмыс барысындағы техниканың кең ауқымды жиынтығының көрсетілімі ұсынылды: бұлар HORSCH фирмасының топырақты өңдеу мен себу саласындағы агрегаттары, MONOSEM фирмасының тұқым сепкіштері, CLAAS фирмасының тракторларының толық саптық тізімі, өсімдіктерді қорғау сегментінде AMAZONE фирмасының бүріккіштері таныстырылды. Азық дайындауға арналған техника бөліп көрсетілді: бұл CLAAS фирмасының жасыл тізімі мен MacDon фирмасының өздігінен жүретін шөп шабу машиналары.

Толыққанды мазмұнды күннің аяқталуы мерекелік дастарқан барысындағы жайлы әңгіме мен сұрақ-жауапқа ұласты. Жиналған қонақтар оларды қызықтырған тақырыптарды талқылап, құнды тәжірибелермен алмаса алды. Іс-шаранық соңында әрбір қатысушыға кіші-гірім сыйлық табысталды, бұл сый біздің жемісті де танымдық достастық басқосуымыздан естелік болып қала бермек!

СТ АГРО компаниясының ұжымы барлық келген қонақтарымызға алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғысын білдіреді!

Біздің есігіміз Сіздер үшін әрдайым ашық! 

Ответим на ваши вопросы и поможем подобрать технику

Оставьте свой номер телефона, менеджер перезвонит вам в течение часа.

Получить
консультацию


Бұл веб-сайт сіздің қалауыңызды жақсы түсіну, сізге оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну және пайдаланушы өзара әрекеттесу туралы статистиканы қадағалау үшін бірінші және үшінші тарап Сookies файлдарын пайдаланады. «Келісемін» немесе осы веб-сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз Сookies файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Осы Сookies файлдары туралы және оларды осында баптау туралы қосымша ақпарат.
Келісемін Жоқ, рахмет