НемАО (Неміс аграрлық орталығы) мен ҚМТА (Қазақстандағы ауылшаруашылық технологиялар және әдістерді берік дамыту ассоциасы) ұйымдастырған Дала күні

2016 жылдың 18 тамызында НемАО мен ҚМТА қолдауы аясында осымен алтыншы рет дәстүрге айналған Дала күні өткізілді. Әдеттегідей бір демонстрация алаңынды ауыл шаруашылық саласына арналған тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынатын ірі жеткізушілері бас қосты. Бұл мерекеге еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген шаруашылық өкілдері қатысты. Дала күніне келген ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді ҚМТА басқарма төрағасы СТ АГРО ГмбХ компаниясының бас директоры Йорг Фошепот пен Неміс аграрлық орталығының директоры Александр Тевс құттықтады. Өз сөздерінің барысында олар аталмыш шараның ұйымдастырушылар үшін де, осы шараға қатысатын өндірушілердің өнімін тұтынушылар үшін де маңызды екендігін аса атап өтті. Мерекелік шараның қадірлі қонақтарының ішінде неміс тарапынан Германия елшісінің тұрақты орынбасары Джонни Крамер мен ауыл шаруашылығы мен азық-түлік Федералды министрі жанындағы Парламенттің мемлекеттік хатшысы Петер Блезер, сондай-ақ Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің, Ұлттық Аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (НАНОЦ) және «АТАМЕКЕН» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды.

Дала күні шеңберінде азық дайындауға, топырақты кейінгі себу мен бүркуді қамтып өңдеуге арналған техника бірліктерін көрсету ұйымдастырылды, бұл өз кезегінде өндірушілерге машиналардың артықшылықарын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік туғызды, ал келушілер үшін заманауи ауыл шаруашылық техникасының іс жүзінде қолданылуын көру мүмкін болды.

СТ АГРО компаниясы мен біздің серіктес фирмаларымыз CLAAS және HORSCH компаниялары аталмыш шараға ҚМТА тұрақты мүшелері ретінде белсенді түрде ат салысты. Біз әдеттегі үздік дәстүрлерімізге сай бағдарламаны айтарлықтай қызықты етіп көрсетуге тырыстық.  Келген қонақтардың назарына CLAAS SCORPION телескоптық жүктеуіштердің әсерлі шоуы, жоғарғы түсіруі бар TUCANO 440 жаңа буын дәнді дақылдарды жинайтын комбайндарының үздік жұмысы, JAGUAR  860 азық жинайтын комбайнның керемет қуаты ұсынылып көрсетілді.  Осыған қосымша СТ АГРО шара қатысушыларына CLAAS  фирмасының азықты дайындауға арналған машиналарының толық саптық тізімін, сондай-ақ HORSCH фирмасының барынша сенімді топырақты өңдеудегі, себудегі және дақылдарды жинақтаудағы бүгінгі күні өздерін сенімді етіп көрсете білген және жергілікті шаруашылықтардың сүйіспеншілігіне айналған агрегаттарын  алға тартты.