Қызылорда Дала күні 2015

2015 жылдың 10 маусымында Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Н.Ілясов ауылында орналасқан «Мағжан и К» фермерлік шаруашылығының аясында біздің фирмамыз ауқымды – Дала күні 2015 іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Аталмыш іс-шараның негізгі тақырыбы күріш ору болғандығы кездейсоқтық емес, себебі осы аймақта Республикамызда өндірілетін күріш дақылының жалпы көлемінің негізгі үлесі өсірілетіндігі баршамызға мәлім.

Шетелдік техниканың барлық жақсы жақтары – оның барлық артықшылықтарын келген қонақтар демонстрациялау алаңдарында тамашалай алды. Алғашқы болып көрермен назарына CLAAS фирмасының аспалы азық ору техникасы ұсынылды: DISCO (3100 FC, 2650 RC, 8400 C) алдыңғы және артқы аспалы, сонымен қатар кең алымды шөп шабатын машиналары, бумалы және квадрат пресс-жинауыштар (ROLLANT 340 және Markant 65), LINER 550 T десте жасаушысы.

Сондай-ақ алқаптық демонстрациялау мен тест-драйвтер барысында шараға қатысушылар D65 4,6 м дестелегіші бар өздігінен жүретін шөп шабатын MacDon М105 машинасының, CLAAS (AXION 850, 820, ARION 630C) тракторларының, AMAZONE фирмасы ұсынған тыңайтқыш шашатын машиналардың (ZAM 1500), ротациялы культиваторлардың (KG 3000) сонымен қатар LEMKEN Европал соқасының барлық функционалды мүмкіндіктерін бағалай ала алды. SCORPION 7040 телескоптық тиегіші өзін барлық жағынан көрсете білді: әрбір қалаған адам осы ғажайып машинаны өздігінен басқаруға мүмкіндік алып, осындай техникамен жұмыс істеудегі барынша ыңғайлылық пен жайлылықты сезіне алды.

fff

Алқаптағы көрсетілімдерден кейін Дала күніне жиналған қауым үздік ұлттық дәстүрде жайылған кең дастарқан басында қоңыр домбыраның үні сүйемелдеуімен еркін жағдайда іс-шарадан алған әсерлері және тәжірибелерімен бөлісіп, сондай-ақ СТ АГРО мамандарының құрал-жабдықтарды эксплуатациялау мен оны сауатты түрде дұрыстау, сервистік қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерді жеткізіп беру жайындағы  кеңестері мен ұсыныстарын алды.

Біздің осындай кездесулеріміз келешекте дәстүрге айналатынына сенім артамыз: бұл тек тәжірибемен алмасып, жаңа білім-біліктер алу ғана емес, сондай-ақ достар мен серіктестердің көрісуінің тағы бір маңызды себебі.

Ответим на ваши вопросы и поможем подобрать технику

Оставьте свой номер телефона, менеджер перезвонит вам в течение часа.

Получить
консультацию


Бұл веб-сайт сіздің қалауыңызды жақсы түсіну, сізге оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну және пайдаланушы өзара әрекеттесу туралы статистиканы қадағалау үшін бірінші және үшінші тарап Сookies файлдарын пайдаланады. «Келісемін» немесе осы веб-сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз Сookies файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Осы Сookies файлдары туралы және оларды осында баптау туралы қосымша ақпарат.
Келісемін Жоқ, рахмет