HORSCH

HORSCH – жерге деген құрметпен

HORSCH Maschinen GmbH компаниясы 1984 жылы бүгінде  кеңсесінің бас ғимараты орын алған  Зитценхоф усадьбасының аумағында құрылған. Негізі қаланған уақыттан бастап HORSCH компаниясының мақсаты ауыл шаруашылығы үшін пайдалы, күшті және тиімді техниканы дамытып қолдану болып табылады.

Компанияның басты бағыты топырақты өңдеу мен егін егуге арналған техника түрлерін жасап шығару. HORSCH және LEEB компанияларының бірігуі техника тізімінің анағұрлым кеңеюіне әкелді, осының арқасында компания өсімдіктерді қорғауға арналған өздігінен қозғалатын және тиеуге болатын бүріккіш техниканы  ұсына алады. HORSCH компаниясының машиналары әрдайым «қарапайым, сенімді, жылдам» деген сипатқа сай.

HORSCH компаниясы бұл ең алдымен жоғарғы санаттағы техника және барлық жағдайға сай жекелеген шешім қабылдаудағы ізденіс. Көптеген ұлттық және халықаралық деңгейдегі марапаттар аталмыш мақсаттың іске асқандығын растайды. Компанияның АҚШ, Ұлы Британия, Франция, Украина және Ресей сияқты елдерде өз өкілдіктері бар. Қазақстандық нарықта HORSCH техникасының эксклюзивті дистрибьюторы болып СТ АГРО компаниясы табылады.

 

http://www.horsch2.com/ru/glavnaja/