CLAAS

CLAAS неміс компаниясы әлемде заманауи ауыл шаруашылық техникасын өндіру бойынша алдаңғы қатарлы орынға ие. Компания тарихы 1913 жылы Клархольцте (Вестфалия) Август Клаастың бау байлау түйінін ойлап тауып, оны патенттеуінен бастау алады.

1919 жылы кәсіпорын Харзевинкель қаласына көшіріліп, сол жерде бау байлау өндірісі қолға алына бастайды.  Сол кезден бастап CLAAS өндіретін техника көптеген елдердің нарықтарынан орын ала бастайды. Компания әлемдік ауыл шаруашылық секторын дамытуға өзінің айтарлықтай үлесін қосқан сенімді серіктес  деген атаққа толықтай сай.

Бүгінгі таңда CLAAS компаниясының құрылымы дүниенің әр бөлігінде орналасқан көптеген заманға сай кәсіпорындарды қамтиды. Соладрың ішіндегі ең көнесі Харзевинкель қаласындағы «CLAAS Selbstfahrende Erntmaschinen GmbH» (CSE) өздігінен қозғалатын бидай және астық жинайтын комбайндар зауыты. Осы жерде сондай-ақ бас кеңсе ғимараты  мен ғаламдық өндіріс жүйесін басқару желісі орын алған. Бад-Заульгау қаласындағы зауыттың конвейерінен астық жинау машиналары (шөп шабатын, қопсытқыш, десте жасаушы машиналар) шығарылады. Франциядағы Метцте пресс-жинағыштар жобаланып өндіріледі. Тёрёкшентлмишклосе (Венгрия) қаласындағы кәсіпорында бидай мен астықты жинайтын комбайындарға арналған қосалқы өнімдер жасалып шығарылады. Фаридабад (Индия) қаласындағы зауытта күрішті оратын арнайы комбайндар, ал Омаха (АҚШ) қаласында Солтүстік Америка нарығына шығатын бидай жинау техникасы өндіріледі.

2003 жылдың ақпанында компания Франциядағы тракторлар шығаратын алып «RenautAgriculture» фирмасының 51% акциясын сатып алып (2006 жылдан бастап 80% акция CLAAS еншісінде) Еуропа мен Ресей нарықтарына жаңа өнімдерді ұсынуды қолға алды.

CLAAS техникасының әлемдегі үлкен сұранысқа ие болуы оның жоғарғы эксплуатациялық сапасымен түсіндіріледі. Мұндай сапаны қамтамасыз ету үшін зерттеулер мен жаңашылдықтарға қомақты қаражаттар жұмсалады.

CLAAS трактор, пресстер мен астық дайындауға арналған әртүрлі ауыл шаруашылық машиналарын өндіруден алдыңғы қатарда. Сондай-ақ өнімдер тізімі заман талаптарына сай озық ақпараттық технологияларды қамтиды. Әлемдегі CLAAS компаниялар тобы қызметкерлерінің саны 11000-нан асады, ал компанияның айналымы 2015 жылы 3,8 миллиард Евроны құрады.

 

http://www.claas.ru/

Ответим на ваши вопросы и поможем подобрать технику

Оставьте свой номер телефона, мы с Вами свяжемся!

Получить
консультацию


Бұл веб-сайт сіздің қалауыңызды жақсы түсіну, сізге оңтайлы пайдаланушы тәжірибесін ұсыну және пайдаланушы өзара әрекеттесу туралы статистиканы қадағалау үшін бірінші және үшінші тарап Сookies файлдарын пайдаланады. «Келісемін» немесе осы веб-сайтты қарауды жалғастыра отырып, сіз Сookies файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Осы Сookies файлдары туралы және оларды осында баптау туралы қосымша ақпарат.
Келісемін Жоқ, рахмет