Компанияның негізі 1883 жылы қаланған, сол кезден бері отбасылық иелікте.

1.800ден астам қызметкері бар өндірістік зауыттар:

  • Бас зауыт Osnabruck маңындағы Hasbergen-Gaste елді-мекенінде
  • Oldenburg маңындағы Hude елді-мекеніндегі зауыт
  • Франциядағы Forbach қаласындағы зауыт
  • Leipzig BBG (бұған дейін Rud. Sack фирмасы) зауыты
  • Ресейдегі Самара қаласындағы зауыт
  • Osnabruck маңындағы Tecklenburg-Leeden елді-мекеніндегі зауыт

Ұлы Британия, Франция, Украина, Венгрия, Ресей мен Қазақстандағы еншілес кәсіпорындар.

AMAZONE компаниясының сауда айналымы 2013 жылы 515 млн. Евро шамасын құрады.

Экспорт: сауда айналымының 80 % жуығы, 70-тен астам елге.

AMAZONEN-WERKE минералды тыңайтқыштарды шашу, тұқым сепкіш машиналарын, топырақты белсенді (роторлы культиваторлар мен ротациялы тырналар) және жанама (дискілі культиваторлар мен тырналар) өңдеу агрегаттарын, дәл егу сепкіш машиналары мен өсімдіктерді қорғауға арналған бүріккіштер өндіруге машықтанған мамандар болып табылады. Сонымен қатар AMAZONE компаниясы бірқатар жылдар бойына саябақтар мен жасыл желектерді күтуге, сондай-ақ қысқы жұмыстарға арналған сенімді техниканы ұсынып келеді.

AMAZONE компаниясының негізгі тұтынушылары болып тек орташа ауыл шаруашылық кәсіпорындары ғана емес, сондай-ақ барлық ірі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық техникасына ақылы қызмет көрсететін кәсіпорындар табылады.

AMAZONE компаниясының өнімі төмендегі сипатымен танымал:

  • Сапа мен сенімділік
  • Жаңашылдық пен қуаттылық
  • Жоғарғы өнімділік
  • Бірінші санатты жұмыс сапасы
  • Жылдам әрі кәсіпқой қызмет көрсету деңгейі
  • Қосалқы бөлшекпне сенімді әрі тез қамтамасыз ету
  • Тауардың пайдаланыста болған машина сияқты сату алдындағы жоғарғы бағасы

Осылармен қатар AMAZONE тыңайтқыштарды таңдау бойынша қайталанбас қызмет көрсетеді, осы орайда сатып алушы телефон арқылы тыңайтқыштардың барлық танымал және беймәлім түрлері жайлы кеңес алады. Сондай-ақ AMAZONE ғаламторда қосалқы бөлшектер каталогы, тұқым себу кестелері және т.б. сияқты кең ауқымды ақпараттық қызмет түрлерін ұсынады.

Соңғы  8 рет Agritechnica көрмесі аясында 26 медальмен марапатталған AMAZONE компаниясы саладағы ең жаңашылды компаниялардың бірі екендігі сөзсіз.
Сонымен бірге AMAZONE-WERKE компаниясы Германияда отбасылық орташа кәсіпорынның алпауыт концерндер мен шетелдік бәсекеге төтеп бере алатындығын дәлелдеді.

AMAZONE-WERKE компаниялар тобының коммерциялық директорлары дипломды экономист-инженері Кристиан Драйер мен дипломды инженер доктор Юстус Драйер Драйерлер әулетінің 4 ұрпағының өкілдері. Олар кәсіпорынның дәстүрін табысты әрі тәуелсіз сақтауға бел буды.

http://www.amazone.ru/